01
ноябрь
2023
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау”
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау”
ҚР Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен өткен кеңестің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі бекітілген шешіміне сәйкес барлық мектептерде балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында орталықтар ашу көзделген. Осы мақсатта Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінде де “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығы ашылды. Орталық міндеті: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы іс-қимылды нығайту.
Тәрбие ісінің орынбасары Бейсенова С.С жалпы орталық қызметі туралы түсіндерме жұмысын жүргізді. Бастауыш, орта және жоғары сыныптар үш топқа бөлініп белгіленген кабинеттерге барып, жауапты мұғалімдермен практикалық бөлім өткізді. 2-4 сыныптар арасында “ Отбасы бақыт бесігі” тақырыбында тәрбие сағаты өтіп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. 5-9 сыныптар “ Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу” тақырыбында тренинг өткізілді. Ал 10-11 сыныптар аралығындағы ата- аналармен сұхбат жүргізілді.