01
февраль
2024
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ"
Ел Президенті Қасым-ЖомартТоқаев: «Әділетті Қазақстан—Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайдың екінші отырысындағы сөйлеген сөзінде: «Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз. Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені жасырын емес. Мектептегі тәрбие жұмысы ақсап тұр», —деп, білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының сапасының сын көтермейтінін айтқан болатын. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірледі. Соған байланысты арнайы жоспар бекітілді. Жаңа оқу жылынан бастап бағдарлама барлық білім беру ұйымына енгізілді.
Бағдарламаның мақсаты—жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық мүдде, ар-ұят және талап құндылықтарын қалыптастыру көзделіп отыр.
Білім беру ұйымдарында бұрыннан жүзеге асырылып келе жатқан «Оқуға құштар мектеп», «Балалар және театр», «Ұшқырой алаңы», «Төрт тоқсан — төрт өнер», «9 ай — 9 іс-шара» жобалары жалғастырылуда. Сонымен қатар жаңадан «Еңбегі адал жас өрен» (еріктілермен жұмыс), «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Ұлттық мектеп лигасы», «Ғаламтор қауіпсіздігі» секілді жобалар енгізілді. Жоспарға сәйкес Қалқа Жапсарбаев мектебінің 5-11 сынып жетекшілері осы аталған жобалар мен тәрбие бағыты боынша жартыжылдық есептерін берді.