Мектеп тарихы
Жер Жаннаты - Жетісу өңірінде, бұрынғы Киров ауданы Мұқыры ауылында 1967 жылы Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері «Дала академигі» атанған Нар тұлға Нұрмолда Алдабергеновтың басшылығымен 3 қабатты, 640 орынға арналған мектеп ғимараты салынды. «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі, алсын қайдан кемеңгерді!?» - деп, ұлы тұлға Ілияс Жансүгіров ағамыз айтып кеткендей, мектебіміздің тарихына үңілетін болсақ, оның өзі – бір шежіре. Мұқыры ауылында мектеп ең алғаш «Қайнар», «Бөлекші», «Ақшатоған» артельдері мүшелерінің балаларына раналып 1925 жылы жазда бастауыш мектеп болып ашылды. Арнайы мектеп болмағандықтан оқушылар жазда киіз үйде, қыста мектеп үйіне лайықталған бөлмелерде оқыды.
Мектептің алғашқы директоры Нұрбек Өзекбаев, алғашқы мұғалімдері Мүткәрім мен Дәулетбақ Исханов болды. Сол кездегі жалпы оқушылар саны 35-40 тай ғана болды. Ал 1937-1938 жылдары мектеп жеті жылдық, кейін орта мектепке айналды. Мектеп оқушыларының саны да көбейіп 200-ге дейін жетті. Себебі көрші Жамбыл және «10 жылдық Қазақстан» ауылдарының балалары қатынап оқиды, мектеп директоры Қабыкен Оспанов екен.
1966 жылы мектеп ғимаратының құрылысы басталып, 1967 жылы қараша айында пайдалануға берілді. Жаңа заман талаптарына сай салынған үш қабатты мектептің директоры Толқымбеков Рахметолла болды.
Мектеп аудандағы алдыңғы қатардағы білім ордасына айналды.
1990 жылы біздің мектебімізге қазақтың халық ақыны, сөз майталманы, жерлесіміз Қалқа Жапсарбаевтың аты берілгені - біз үшін үлкен мақтаныш. Мектеп алдынан Қалқа атамыздың биік тұғырға мүсіні орнатылды. Ақын атамыз жайында бірер сөз.
Майталман ақын.
Қалқа Жапсарбаев – біздің топырағымыздың төл перзенті. Ол қазіргі Алматинская область. Көксу ауданы Мұқыры ауылында 1886 жылы кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 13 жасынан жиырма бес жасына дейін бай-кулактардың малын бағып, шөбін шауып, кісі есігінде жалшылықта болды. Той-думандарда домбыра тартып, ән салып, ақын болуды аңсайды. Жүрегінде ақындық таланттың ұшқыны бар, жас Қалқа жалшылыққа жасымады. Ел аралап, атағы шыққан ақын, әнші, күйші, жыршылармен өнер салыстырып, шыңдалып ширай түседі.
Айтысты 17 жасында сиыршының ақын қызы Нұрбаламен сөз қағысудан бастаған ол, бұл өнердің шын мәніндегі «Жел жетпес жүйрігіне» айналады.
Екі қоғамдық құрылыстың куәсі. Совет өкіметі орнағанда ол 31 жаста еді. Қалқаның ақындық өнерге келуіне суырып салма ақын Ахмади Тілемісов кезінде зор ықпал етті.
1908-1922 жылдар аралығында Қалқа атақты Қайрақбай, Омарбек, Кенен сияқты бірнеше ақындармен сөз сайысына түсіп, өнер сынында ұдайы суырылып алға шықты.
Колхоз мүшесі ретінде Қалқа еңбек сүйгіштігімен басқаларға үлгі-өнеге болды. Ол қолына кетпен алып, егін суғарды, шалғы алып, шөп шапты. Қызылша плантациясында звено жетекшісі, гектаршылардың алғашқысы болып істеді.
Кейініректе көрші «Еңбекшіқазақ» колхозында басқарма председателінің мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып қызмет жасады. Бірнеше жыл ауылдың жол бөлімінде жол бригадирі болып істеді.
1920 жылы қосшы одағына мүше болды. Бай –кулактарды «кампескелеуге», туған ауылын коллективтендіруге үлкен ынтамен атсалысты. 1929 жылы алғашқы отыз үйдің бірі болып Мұқырыда ұйымдастырылған «Калинин» атындағы ауыл шаруашылық артеліне (колхозға) мүше болды. Колхоздастырудың жалында жыршы-насихатшысы болды.
1938-1945 жылдарда Қалқа Қаратал колхоз-совхоз театрында артист болып істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел аралап, өлең айтып, үгітшілік қызмет атқарды. Партия оны Семей, Павлодар облыстарын аралауға халық арасында
өлең-жыр мен үгіт насихат жұмысын жүргізуге жұмсады. Ұзақ жылдар жергілікті Советтердің депутаттығына сайланды. 1937 жылдан СССР Жазушылар Одағының мүшесі болды.
Әдебиет пен өнерге сіңірген осындай көп жылдық игі еңбектерін еске алып, Қалқа Жапсарбаевты Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1939 жылы Құрмет грамотасымен, СССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен наградтады. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы Қазақ ССР-сы мен Қазақстан Компартиясының 40 жылдық мерекесіне байланысты Қалқа Жапсарбаевқа «Халық ақыны» деген құрметті атақ берілді. Бұл құрмет ақынның өмірі 75 жасқа, өнері 55 жылға толған күніне тура келді. Үкіметіміз бен партиямыз Қалқа Жапсарбаевтың әдебиет пен өнерге сіңірген елеулі еңбегін ескеріп, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен наградтаса, 1961 жылы оған «Қазақ ССР-нің халық ақыны» құрметті атағын берді. Өзінің өнеріне деген құрметке жауапкершілікпен қарап, әні мен жырын өмірінің соңғы күніне дейін Отанына, партияға, халқына арнаған Қалқа Жапсарбаев 1975 жылы 26 ақпанда туған ауылында қайтыс болды. Бұл күнде ақын ауылының, мектеп төрінде оған ескерткіш орнатылып, оның атымен мектеп, Балпық би кентінде мәдениет үйі аталған.
Халыққа асқақтата әуезді ән, әдемі жырымен әйгіленген Жетісу жерінің желмая ақындарының бірі – Қалқа Жапсарбаев. Ол импривизатор, суырыпсалма айтыскер ақындар өлкесіндегі өркені өте биік көрінетін Қабан жырау, Сүйінбай, Бақтыбай, Жамбыл сынды тұлпарлардың тұяғы, асылдардың көзі, алтындардың сынығы.
Ақын шығармаларының дені- дастандар. Оның өзіне тән ерекшеліктері – аттары аңызға айналған арғы, бергі замандардағы тарихи тұлғаларды жырға қосады. Мәселен аңыз әңгімелер негізінде шығарылған «Орақты батыр», «Тұрлымбет туралы», «Уәли Шора» дастандары халық тарихынан, шежірелерінен алынса, «Біздің Ораз», «Партизан Шаймерден», «Сеңгірбаев Мұсабек», «Нұрмолда» атты дастандары күні кеше ғана өткен өмір өткелдерінен туындаған.
Қалқа – негізінен, айтыстың ақыны. Ол өз өмірінде жиырмаға жуық ақындармен айтысып, айтыс абыройын асқақтата жоғары көтерген өрен жүйрік. Ол айтысқан тұлғалардың ішінде: Нұрбала, Омарбек, Байбосын, Мақсұт, Әнежек секілді арырақта тұрған ақындармен қатар бүгінгі ұрпаққа жақсы таныс: Құрама, Қайрақбай, Иманжан Жылқайдаров, Есдәулет Қандеков, Үмбетәлі Кәрібаев, Кенен Әзірбаев, Қуат Терібаев сынды да небір дауылпаздар да бар.
Қалқа Жапсарбаев – М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жетісу ақындарына арналған экспозициясынан орын алған жан. Сол музейде 1976 жылы наурыз айында ақынның ұлы Әбдібек Жапсарбаевтың музей қорына тапсырған домбырасы, түпнұсқа құжаттары мен суреттері көрсетілген. Бұл домбыраны Қалқа ақын 1960 жылы Алматыдан сатып алып, өмірінің соңғы жылдарына дейін осы аспапта ойнаған екен. Ақынның он шақты өлеңдерінің латын әріптерімен жазылған қолжазбасы, бұл облыстық тарихи-өлкетану музейінде аса құнды экспонат ретінде сақтаулы.
Ақынның қаламынан туындаған «Мұсабек Сеңгірбаев» (1951ж), «Жайқоңыр» (1959ж), «Өлеңдер, айтыстар, дастандар» (1962ж), «Жетісу жырлары» (1970ж), «Сөйле тілім» (1986ж), «Елім, сені жырлайды» (1996ж) атты жинақтары жарық көрді.
Халық ақыны Қ.Жапсарбаев - ақындық, жыршылық, әншілік өнері мен өмірін қалдықсыз, қалтқысыз туған халқына, Отанына арнаған патриот ақын. Яғни, бар өнері мен ұлағатты мұрасын, ақындық , жыршылық , әншілігін халқына арнаған халық ақыны Қ.Жапсарбаевтың мұрасы мәңгілікке есте сақталары анық .
Көп жылдық тарихы бар бұл мектепте көптеген ағарту ісінің үздіктері, өз істеріне қалтқысыз берілген білімді ұстаздар шәкірттерінің болашағына қомақты үлестерін қосуда. Осы білім ордасынан, бүгінгі таңға дейін Республикамызға танымал көптеген атақты тұлғалар шыққан. Олар: спорт майталмандары, қоғам қайраткерлері, ғалым, оқымыстылар, білім саласының үздік қызметкерлері мен ауыл шаруашылығының озаттары.
Атап айтқанда:
Толқымбеков Рахметолла - ұлағатты ұстаз. 50 жыл мектепте дәріс берген. ҚР оқу ісінің Лучший қызметкері. Еңбек және соғыс ардагері. Көксу ауданының “Құрметті азаматы”, Шежіреші. ҚР дербес зейнеткері. Бірнеше орден, медальдарының иегері.
Салпынов Ленбай Нұртілеуұлы - 1948 ж.
Ғалым, Медицина ғылымының докторы, профессор. А. Сызғанов атындағы институтта, ҚР денсаулық сақтау министрлігінде жауапты жұмыстар атқарады. Ақмола медицина академиясының профессоры, декан. 60-тай ғылыми еңбектің авторы. «ҚР денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған.
Байсаринов Айтқали Сейтқалиұлы - (1960-2017 жж)
Техника ғылымының кандидаты. Ауыл шаруашылығы институтында кіші ғылыми қызметкер. Панфилов ауданында салық бастығының орынбасары. Ескелді ауданында салық бөлімі бастығының орынбасары. Көксу ауданы салық бөлімі басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.
Абдрахманов Өндіріс Нұрқасымұлы - (1938-1988 жж)
№ 6 мехколоннаның бас инженері. «Казсельхозтехника» бөлімшесінің басқарушысы, Карл маркс атындағы колхоз басқармасының төрағасы қызметін атқарған. «Құрмет Белгісі» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медальінің иегері.
Имандосова Маргарита Болатқызы - 1963 ж
Ғалым. Техника ғылымының докторы. КазАТК университетінің автоматика, телемеханика байланыс факультетінің деканы, 20-дан астам ғылыми жұмыстарының авторы.
Байрақымов Сағидолда Ізбасарұлы - 1936 ж
Ғалым, Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. «Экология» академиясының академигі. Баспадан 100-ден астам ғылыми еңбектері шыққан.
Мұқашев Маулен Шапанбайұлы-1955ж
№1 троллейбус паркінде мастер, механик, бастықтың орынбасары. №1 троллейбус паркінің бастығы. «Алматы электротранс» президенті қызметін атқарған. Алматы қалалық жолаушылар тасымалдау және автокөлік жолдары департаментінің директоры. Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
Арын Берік Сақбайұлы- 1994-199 ж
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ҚР Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің өкілі, ҚР Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің өкілі, ҚР Египет Араб Републикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, ҚР Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2015 ж ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілген. 2016 ж Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық вице-министрі.
Ахымбеков Серік Шаяхметұлы- 1949 жылы туылған
Экономика ғылымдарының кандидаты. «Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығының үздігі». 1993-1998 жылдары Талдықорған облысы әкімі, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрі,
Алматы облысының Құрметті азаматы. Марапаттары: Құрмет ордені, Құрмет белгісі ордені, Қ Р медалдары, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасы.
Қуанышев Жапсарбай Ильясұлы-1954 ж
Ғалым, саясаттану ғылымының докторы, ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметкер, ҚР мемлекеттік хатшысының кеңесшісі қызметкерін атқарған, ҚР Президенті әкімшілігі Басшысының хатшы меңгерушісі, «Ерен еңбегі үшін» т.б. бірнеше мерекелік медальдармен иегері.
Медеуов Ахметқал Рахметоллаұлы- 1950 ж
Ғалым. Академик. География ғылымының докторы. Профессор. КазМУ-да кафедра меңгерушісі. География институтының директоры. Халықаралық Ресей академиясының «Экология» академигі. 100-ден аса ғылыми еңбегі, бірнеше геморф және тектон карталары жарық көрген.
Асанов Наухан Алтайұлы-1950 ж
Ғалым. Академик. Педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымының кандидаты, доцент, ҚР Білім және ғылым министрлігінде қызмет атқарған. Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-де оқу – әдістемелік басқармасының бастығы. 70 ғылыми және әдістемелік еңбегі бар.
Елғолдинова Зайда-1947 ж.
Ақын, белгілі тілші, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор қызметін атқарған. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Қырдың қызыл реңі», «Зайда-ғұмыр», т.б. көптеген жыр жинақтарының авторы.
Мұқашев Марлен Шапанбайұлы-1951 ж
Техника ғылымының кандидаты. Электротранс-Сервия Бас конструктор ЖШС патент иегері. Көптеген ғылыми еңбектері, әдістемелік құралдары баспадан шыққан.
Шағыров Ізбасар Ахметұлы-(1910-1989 жж)
Ғалым, биология ғылымының докторы, Түркмен ауылшаруашылық институтында, Қаз.Ғ.А. эксперименттік биология институтында қызмет атқарған. 60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы.
Шағыров Баймұхамед-(1902-1986 жж)
Қоғам қайраткері. Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақ КСР юстиция халық коммисары, КСРО жоғарғы сотының мүшесі болған. Одақтық дәрежедегі зейнеткер. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
Оразбеков Әшімхан Ізтайұлы - 1961 ж
Карл маркс атындағы колхозының партком хатшысы болған. «Қайнар-Көксу» шаруа қожалығының төрағасы. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарының иегері.
Қалиева Жансая Жәлелқызы -1974 ж
Медицина ғылымының кандидаты. Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми маманы, доцент, онколог, хирург-эндоскопист, дәрігерлердің білімін жетілдіру бөлімінің жетекшісі. 50-ден аса ғылыми еңбек және 2-і монографияның авторы. Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
Қуанышева Тұрсахан Қазтайқызы-1955 ж
Биология ғылымының кандидаты. «МЭРИ КЭЙ» Қазақстан Орта Азия ұлттық компаниясының көшбасшысы. «Мисс-Бескорыстие», үш мәрте» Бриллиантовый шмель» және қызғылт түсті «Мерседес» иегері.
Кибаев Күрішбай Маусымбайұлы – 1954ж
Карл Маркс атындағы колхозының бас инженері, ферма меңгерушісі қызметін атқарған. «Дамир» шаруа қожалығының төрағасы.
Мектебіміз жүйелі түрде білім саласы мен өнегелі тәрбие беру тұрғысынан, аудан және облыс көлемінде алғы шепте. Осындай нәтижелерге қол жетуімізге мұрындық болып жүрген мектеп басшыларын да атап өткен орынды.
Директорлар:
·Рахметолла Толқымбекұлы - 1964-1980 жылдары директор қызметін атқарды. Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР халық ағарту ісінің үздігі, дербес зейнеткер, Көксу ауданының «Құрметті азаматы»
·Алпысбаев Ғ.Қ – 1980-1992 жылдары директор қызметін атқарды. ҚР оқу ағарту ісінің үздігі, Көксу ауданының «Құрметті азаматы», зейнеткер.
·Боранбаев Қ.М - 1992-1995 жылдары директор қызметін атқарды.
·Мұратбекова Г.Қ – 1995-2003 жылдары директор қызметін атқарды. ҚР оқу ағарту ісінің үздігі
·Төлекенов М.Б – 2003-2009 жылдары директор қызметін атқарды.
·Қилыбаев Қ.Е – 2009-2017 жылдары директор қызметін атқарды.
·Құрманғалиев Т.Т – 2017 жылдан бері директор қызметін атқарып жүр.
Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, аға ұстаздар.
1. Сыдықов Сейдомар Сыдықұлы
2. Мұқашев Шапанбай Мұқашұлы
3. Құрманғалиев Таңатар Құрманғалиұлы
4. Кемпірбаев Қабдырзақ Кемпірбайұлы
5. Сыдықов Сейдіғапар (Қапыш) Мақатайұлы
6. Нұртаев Құсайын Нұртайұлы
7. Балабеков Керімбай Балабекұлы
8. Оспанов Есенбай Оспанұлы
9. Жапсарбаев Әбдібек Қалқаұлы
Лучший ұстаздар:
1. Абдрахманова Ханшайым Садыққызы – мұғалім-әдіскер.
2. Ахметжанова Гүлшар Сейдомарқызы – СССР, ҚазССР Оқу ағарту ісінің үздігі, мұғалім-әдіскер, «Ыбырай Алтынсарин», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері.
3. Балбаев Ертай Ежанұлы – ҚР оқу ағарту ісінің үздігі
4. Ахатаева Бағдан Ахатайқызы - ҚР оқу ағарту ісінің үздігі
5. Алдабергенова Рабиға Нұрмолдақызы - ҚР оқу ағарту ісінің үздігі.
6. Асубаева Айнабала Асубайқызы - ҚР оқу ағарту ісінің үздігі.
7. Байділданова Жұмагүл Сейтқазықызы - ҚР оқу ағарту ісінің үздігі
Алтын белгі иегерлері:
1. Құрмансейтова Римма – 2007-2008 оқу жылы
2. Жалелов Мирас – 2009-2010 оқу жылы
3. Кегенбекова Алтын – 2012-2013 оқу жылы
4. Рысбекова Ақжан – 2014-2015 оқу жылы
5. Қабытай Назерке – 2014-2015 оқу жылы
6. Сағидолда Назерке – 2017-2018 оқу жылы
7. Жәлел Әсел – 2017-2018 оқу жылы
Қазіргі уақыттағы жағдайы туралы мәлімет:
Мектеп ішінен өлкетану кабинеті ашылды
Ғимараттың салынған жылы 1967 жыл, мектеп 640 орынға арналған. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша мектеп күрделі жөндеуден өтті.
Спорт зал ауданы - 162 шаршы метр, ату тирі-ұзындығы 12 метр
Мектеп ауласында спорт алаңы бар - 7700ш.м.+2450ш.м.+4440ш.м.
Жалпы ауданы - 2826,1 ш.м.
Жалпы кабинеттердің саны - 43
Оқу кабинеттерінің саны - 18, сонымен қатар технологиядан 1 ағаш және темір шеберханасы, 162 ш.м. спорт залы 183 ш.м., акт залы, 20 орындық 40,5 ш.м., асхана бар.