«Интеллектуальная игра Полиглот»
«Интеллектуальная игра Полиглот»
Апталықтың қорытынды кешінде 9-10 сыныптар арасында «Интеллектуальная игра Полиглот» тақырыбында сыныптан тыс іс - шара өтті. Сыныптан тыс сабақтың мақсаты –оқушылардың орыс тілі және ағылшын тілдеріне деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалды өрісін дамыту, зейінін, сөйлеу дағдысын дамыту болып табылады. Оқушылар жарыс сабағы болғандықтан ,екі командаға бөлініп, өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсетті.Осы жерде екі команда өз ұрандарын орыс және ағылшын тілдерінде айтып өтті.Бұл ойын сегіз бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде капитан командалары жаңылтпаштар айтып, тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын ашып өз білімдерін шыңдады. Ары қарай жарыс орыс және ағылшын тілдерінде әр-түрлі қызықты тапсырмалардан тұрды: сұрақ-жауап, жасырылған сөздер, палиндромдарды табу, мақал-мәтелдерді жалғастыру тапсырмалар болды. Жарыс соңында әділ-қазылардың қорытындысы бойынша «Юные гении» командасы 44 ұпай, ал «Крутые ребята» командасы 43 ұпай иеленіп, «Юные гении» командасы алға шығып жеңімпаз атанды. Командалар мақтау қағаздарына ие болды.