«Мен OFFLINE (оффлайн)» акциясы
Жапсарбаев атындағы орта мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2020 жылғы 26 қаңтарХалықаралық интернетсіз күніне арналған«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы басталды
Акцияның мақсаты — интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.
Осы іс-шара барысында 1-4 бастауыш сыныптары арасында «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауы өтті , жоғарғы сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Мен offline» «Интернетсіз бір күн» әә» ә тақырыбында эссе жазылды.Сыныптан тыс біршама іс-шаралар өткізілді.
Заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде. Қазіргі таңда ғаламторға тәуелділіктің салдарынан адамдардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, тіпті жазу мәдениеті де төмендеп барады. Әлеуметтік желіні кім қалай пайдаланамын десе, өз еркі. Оған ешкім шектеу қоя алмайды. Әйтсе де жастарымыз жаманына жоламай, жақсы тұсын тиімді пайдалануы ,жастардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға ат салысу мақсатында «Компьютердің зияны мен пайдасы »тақырыбында 8ә сыныбымен информатика пәнінің мұғалімі С.А.Елубаева ,9а сыныбымен «Ғаламтор және денсаулық »тақырыбында сыныптан тыс шараны информатика пәнінің мұғалімі Е.М.Бижан өткізді.
Акция аясында балалардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға ат салысып,интернет желісінде отырғаннан гөрі кітап оқуға шақыру мақсатында мектеп кітапханашысы М.Ғ.Мұратбекова кітапханада сыныптар арасында «Интернетсіз бір күн» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу өтті. Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындырып,кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы туралы ,оқушылардың әдеби кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 8ә сынып оқушыларымен «Кітап – білім бұлағы» атты дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел барысында оқушылар кітаптың пайдасы туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді. . Жастардың бос уақытын интернетсіз тиімді өткізуге баулу мақсатында 8а сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Т.Нұрмұханбетова мектептегі мұражайға барып , оқушыларды мұражайдағы жәдігерлермен таныстырды. 26 қаңтар күні жаппай күнімізді интернетсіз өткізіп, бір-бірімізге көңіл бөліп, — бұл күнді тек қана «шынайы» әлемде өмір сүру үшін, жақын адамдармен қарым-қатынас жасау немесе оны сүйікті хоббиіне арнау үшін өткізейік.