Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл
Жапсарбаев атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында оқушыларға діни экстремизм мен терроризмді қарсы насихаттау аясында көптеген жұмыстар жүргізілді.
Оқушылар жиынында «Ланкестің қоғамға қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқылды. «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты тақырыпта 9-11 сыныптармен сынып сағаты ,«Діни-экстремизм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты тақырыпта 8а сыныппен тәрбие сағаты өткізілді. Дінтану пәнінің мұғалімі – А.С.Абдрахманова мектеп оқушыларымен «Ислам дінінің негізгі бағыттары» атты семинар өткізді. Діни білім – адамзат баласының адамдық келбетін сақтап қалудың негізгі факторы. Сондықтан дін – қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы болып саналады. Мына қоғамның ең басты байлығы - адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратып, отанға,елге,жерге отансүйгіштікті бағыттап тұрған діннің де алар орны ерекше екендігін айтып түсіндірді. Школьникам тарих пәнінің мұғалімі М.Б.Рахымжанов діни экстремизм мен терроризмнің қауіп қатерінен қорғау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп ,ҚР Терроризмге қарсы Орталығы Штабы мен «Қазақстан » ТРК- мен бірлесіп дайындаған бейнероликтерін көрсетті.