30
ноябрь
2021
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні.
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Сол себепті болар, елбасымыз халық арасында зор құрметке ие.
Осы мерекеге орай 30 қараша күні мектебімізде салтанатты шара өтті. Елбасының өмірдерегі туралы мәліметтер айтылып,ән де шырқалды.
Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізейік!
Еліміз аман, жұрт тыныш болсын!