«Біртұтас ұлт-біртұтас әскер».
Ерлік сабағының тақырыбы: «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер».
Мақсаты: жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің имиджін нығайту.
2023 жылы 1 қыркүйек күні «Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп» КММ әскери жетекші Есембаев М.М. мектеп оқушыларына арналған Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы №657 бұйрығымен бекітілген «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» тақырыбында ерлік сабағын өтті.
Еліміздің ата заңы - Конституцияның 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілген.
Мектеп қабырғасындағы оқушыларға әскери – патриоттық тек қана 1-11 сыныптарда өтілетін АӘТД сабағында ғана емес, барлық сынып оқушыларына, сыныпта және сабақтан тыс өтілетін іс-шаралар арқылы да беріледі. Мектеп жасында дейінгілерімен жұмыс істеу жолдарына баланың әскери – патриоттық әңгімелерге араласуы, әскери ойындарға сезімталдық қатынастары, дене бітімінің өз жасына лайықты болуы жатады.
Қатысушыларға болашақта оқу бітіргеннен кейін Отанымыздың жоғары әскери оқу орындарына оқуға түсу және де Отан алдындағы борыштарын өтеу үшін әскерге бару ұсынылды. Оқушылар «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына қалай кіруге болатындығы туралы сұрақтар қоя бастады, әскери оқу орындарына түсу жағдайларына қызығушылық танытты, Қарулы Күштердегі қызметі туралы айтып беруді сұрады.