“ Алғашқы білім отауы”
“ Алғашқы білім отауы”
6 қазан күні мектебімізде Кеңестер одағының, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Көксу ауданының құрметті азаматы атағының иегері, “ Алғашқы білім отауы” кітабының авторы Алпысбаев Қалымбек Қалиұлына арналған меморалды тақтасының ашылу салтанаты өтті.
Шараға облыс төрінің әр аймағынан Қалымбек Қалиұлының етене жақындары, аудан әкімі Мәрлен Қапашұлы мен аудан басшылары, ардагерлер мен ауыл азаматтары қатысты.
Аудан басшысы Көлбаев Марлен өз ізгі лебізін білдіріп, артынша Жетісу облысының құрметті азаматы Жомартқали Баясылұлы мен ардагер ұстаз Абдрахманова Ханшайым апайымыз бен туған інісі Байсеркенов Қуанышбек ағамыз сөз алды.
Бүгінгі мына ашылып отырған меморалды тақта, ұрпақтарымыз үшін тәрбиелік тағылымы мол шаруа. Ертер есімі-мәңгі ел есінде!
