Наурыз мерекесі!!
Мектебімізде Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты,мерекелік көңіл-күй сыйлап, ауылдың алты ауызынан түрлі сый тарту етті. Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады.