25
январь
2024
«КӨРКЕМ –ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІҢ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ»
Жетісу облысының білім басқармасы дене тәрбиесі ,спорт ,алғашқы әскери дайындығы қосымша білім берудің ғылыми-тәжирибелік орталығы Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінде «Көркем –эстетикалық пәндердің оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері » атты семинар өтті. Мақсаты : педагогтарға замануи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда,өзара тәжірибе алмасу .Жетісу облысының аудан мектептерінен музыка және көркем еңбек пән мұғалімдері ашық сабақтар ,тренингтер,коучинг,шебер сынып ,сыныптан тыс сайыс сабақтар өтілді. Қалқа Жапсарбаев мектебінің әкімшілігі ,мектеп ұстаздары белсене атсалысты . Семинар барысында музыка пән мұғалімі Мұздыбаева Салтанат Райысқызы оркесторлық топпен ерекше көзге түсті . Қалқа Жапсарбаев мектебінің көркем еңбек пән мұғалімі Қадырбаев Бақытжан Ахмадиұлы тақырыбы «Ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданды ,атап айтсақ интерактивті тақтамен микрофон әдісі, шахмат әдісі ,оқушылар кері байланыс жасалды ,әр әдіске дескриптор қолданды . Сабақ құрылымы ,сабақ өту барысына оқу ісінің меңгерушісі Коченова Шара Шаймуханбетқызы толықтай бағыт бағдар берді. Мәжіліс залында үлкен көлемді қол өнер бұйымдарынан көрме қойылды ,жауапты мұғалім Есембаева Алмагул Матенқызы . Ұстаздар қортынды ретінде ашық сабақ , тренингтер,коучинг,шебер сынып ,сыныптан тыс сайыс сабақ берген мұғалімдер марапатталды . Қадырбаев Бақытжан Ахмадиұлы Алғыс хатпен марапатталды. 
















