Ата-ана » Жетісу облысы Көксу ауданы Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы Білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-45-41
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-45-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2018

Ата-ана


 Жапсарбаев атындағы орта мектебі бойынша қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы мәліметі.

Жапсарбаев атындағы орта мектебінде ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 3 қыркүйегінде №176 бұйрығымен қамқоршылық кеңесі құрылды. Бұл қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу. Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан Бұл қамқоршылық кеңесі оқу-тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға, мектептің барлық кеңестерінің мүшелерін мектептің іс-шараларын ұйымдастырып, қатыстыртуға, өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылды, бірақ ресми тіркелмеді. Атаулы мектептің қызметін тиімді жүргізу үшін жағдай жасау мақсатында қамқоршылық кеңесі сайланып ,кеңес құрамы 9 адамнан және хатшы сайланды.

Олар:

1.Оразбеков А.І. – комиссиятөрағасы, „Көксу – Қайнар" шқ төрағасы

2.Кибаев К.М. – кеңес мүшесі,„Назерке" шқ төрағасы

3.Егінбаев Б.Т-кеңес мүшесі,Мұқыры ауылдық округінің әкімі

4. Демеубаева М.С.–кеңес мүшесі, Каз почта қызметкері

5.Төлепбергенов Е.Ж. –кеңес мүшесі , Мұқырыауылдық округінің бас маманы

6. Битибаева Г.Ж- кеңес мүшесі ,ауылдық амбулаторияда медсестра

7.Қайса Ж – кеңес мүшесі, кәсіпкер

8.Тұрысбекова А.- кеңес мүшесі , ауыл кітапханашысы

9. Дүйсеков Б.Ә.-кеңес мүшесі ,учаскелік инспектор

10 Бейсенова С.С. – хатшы, тәрбиеісінің орынбасары

 

 

Кеңес мүшелерінің қолдауымен оқу жылына арналған іс-шара жұмысы жоспарланып,бекітілді. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ә.І.Оразбеков пен кеңес мүшелері ата-аналар жиналысында оқушылардың мектеп жарғысына сай ішкі тәртіп ережелерінің, мектеп формасының сақталуы туралы мәліметтерді ата-аналардың назарларына жеткізіп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді .Қамқоршылық кеңесінің мүшелері оқу жылында өткізілген мәдени-қоғамдық іс -шаралармен бірге тамыз –қыркүйек айларында «Мектепке жол», «Қамқорлық »акцияларын ұйымдастырып өткізуде де белсенділік танытты. Мектепте 29 қазан күні қамқоршылар күніне орай «Балаға мейірім сыйла » атты қамқорлыққа алынған балалардың ата-аналарына арналған кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ә.І.Оразбековбалаларды қамқорлыққа алған ата-аналарға рахметін айтып,осындай ізгі жұмысты қолға алғандары үшін алғыс хаттар табыстады.

2017-2018 оқу жылында 3қыркүйек күні қамқоршылық кеңес отырысының күн тәртібі бойынша қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстарының қорытынды есебі талданып, 2017-2018 оқу жылына кеңес мүшелерін сайлау және оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді. Биылғы оқу жылында да қыркүйек айынан бастап мектепте қамқорлық кеңес жұмысы жалғастырылып, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау жұмысы жүргізіліп жатқанын айтылды.Мектеп директорыТ.Т.Құрманғалиев 2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін ұйымдарында бескүндік оқу аптасын ұйымдастыру туралы тоқталып ,отырысқа қатысушыларды биылғы оқу жылына арналып шыққан әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды. ҚР БҒМ Алтынсарин атындағы академияның «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хаты негізінде 2017-2018 оқу жылында барлық 1-11 сыныптарға бес күндік оқу аптасына ауысуға рұқсат берілгені туралы , бес күндік оқу аптасы туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі өзі қабылдап, оны Қамқоршылық кеңесімен немесе ата-аналар комитетімен келісуі керектігіне тоқталды. . Күнделікті оқу жүктемелігін әр мектеп, мектептің мүмкіндіктері мен жағдайларын негізге ала отырып, сабақ кестесін қамқорлық кеңесімен немесе ата-аналар комитетімен келісіп өздігінен анықтайтындығына тоқталды.

Бұл ретте, бес күндік режимде оқу мектептің оқу жұмыс жоспарының инварианттық (міндетті) бөлігі бойынша жүзеге асырылады. Вариативтік дамыту түстен кейін жүзеге асырылады (үйірмелер, факультативтер, таңдау бойынша пәндер). «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына өзгерістер енгізіліп, жаңа санитарлық қағидалар барлық жалпы орта білім беру мектептеріне 1-11 сыныптарда бес күндік оқу жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.

ҚР білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №715 бұйрығыбойынша 2007 жылғы №501 бұйрыққа енген өзгерістер туралы айтып түсіндірді. Қамқоршылық кеңес өз жұмысындаҚР Заңнамасын ,білім беру ұйымыныңжарғысын басшылыққа алатынына тоқталды.Қамқоршылық кеңес мүшелері әдістемелік нұсқау хаты негізінде 2017-2018 оқу жылында барлық 1-11 сыныптарға бес күндік оқу аптасына көшуіне рұқсат берілсін деп шешім қабылдады.

Кеңес мүшелерінің шешімімен 2017-2018оқу жылында аз қамтылған , жетім,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ,көп балалы жанұя балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге де көңіл бөлініп , тұрмыс жағдайы төмен отбасынан 30 оқушы «Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры »қаражатынан ,50 бала жалға алушы есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жетім ,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған , әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған,көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектеп формасын алуға , оқу –құрал жабдықтарын алуға көмек қолдарын ұсынды. «Мектепке жол »акциясы аясында аз қамтылған , жетім,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған көп балалыотбасындағы 24 оқушыға255000 теңге көлемінде демеушіліккөмек көрсетілді. Жаңа жыл қарсаңында «Қамқорлық » республикалық акциясыаясында демеушілерден түскен 60000теңге жетім , аз қамтылған ,толық емес және ата – анасының қарауынсызқалған отбасындағы 8 оқушығадемеушілік көмек ретінде берілді. Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне ауылымыздың кәсіпкері демеушіміздің көмегімен10 сынып оқушысы Жеңісхан Зұқа барды. Көктемгі каникул кезінде 15 оқушы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» байланысты Ш.Уалиханов мұражайынадемеушілердің көмегімен барып қайтты.

Кеңес мүшелерітоқсандық ата – аналар жиналыстарына қатысты;

- желтоқсан айында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен бұқаралық-спорттық жарысқа қатынасты;

- Мектепшілік «Жаңа жыл-2018» мерекесіне тартылып, ат салысты;

- Профилактикалық кеңес отырыстарына қатысты;

 

Мектепте қамқоршылық кеңестің қолдауымен және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен 1 қазан қарттар күніне арнап әдеби сазды бағдарлама мен концерт қойылды. Жаңа жылдық ертеңгіліктер жоғары деңгейде өткізілді.. «Наурыз »мерекесінде де қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуыменмектеп бойынша сазды бағдарлама мен спорттық ойындардан жарыс өткізіліп, наурыз мерекесі тойланды.

Биылғы оқу жылында ауылда спортты дамытуға , оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге кәсіпкер Мұқашев Мәулен зор үлес қосып, мектепке баскетбол, волейбол, теннис ,футбол ойнайтын корд спорт алаңын салып берді..Алдағы уақытта дадемеушілермен нәтижелі де, тиімді жұмыстар атқарылады деген сенімдеміз.

Алдағы уақытта қамқоршылық кеңесі мүшелерімен бала өміріндегі қиын да қызықты жолда бірігіп жұмыс жасайтындығымызғасенім білдіреміз. Мектепте қамқоршылық кеңестің ұйымдастыруымен Қамқоршылық кеңестің жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

 

 

 

 


 

 

Похожие публикации:

16 октябрь 2018 Ата-ана
14 февраль 2018 Ата-ана
18 апрель 2017 ҰБТ
03 март 2021 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив