29
март
2024
“ Атадан мал қалғанша тал қалсын” ИГІ ІСТЕР КҮНІ
Халқымызда “ Атадан мал қалғанша тал қалсын”, “ Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір” деген аталы сөз бар. Асыл дінімізде де тал егу сауапты амал саналады.
Қасиетті Рамазан айында “ Жапсарбаев әкелер мектебі” үлкен бір істің жаршысы болды.
Мектеп айналасына 18 қарағай, 3 шырша екті. Қосымша ауылымыздағы “ Қызғалдақ” балабақшасына 4 қарағай, 1 шырша сыйға тартты. Ауымыздың ағасы,әкелер мектебінің мүшесі, атымтай жомарт Абдрахманов Даурен өзі 5 қарағайды сыйлап, ауымыздың мектебіміздің көркеюіне өз үлесін қосты.
Алдағы уақытта әкелер мектебі осы іспетті іс-шаралардың басы-қасында жүріп ұйымдастыруды жалғастырмақшы. Істеріне тек сәттілік тілейміз!