«Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті » Жетісу облысы Көксу ауданы Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы Білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-45-41
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-45-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті
11
апрель
2024

«Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті

«Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті 
 «Абай мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» . Қазақ әдебиетіндегі шындықты жан-жақты көркем суреттей білген тұңғыш ұлы ақын –Абай Құнанбаев. Абай қазақ өлеңінің тақырыптық шеңберін кеңейтті, өмірдің шындығы мен адам еңбегін жырға қосты. Өлеңді өмір сыры туралы ой-талғамдармен, адам сезімін, оның көңіл-күйін бейнелейтін шынайы лирикамен толықтырды.                                                                                                                                                             11 ақпан күні мектебімізде "Абай оқуларының" аудандық кезеңі өтті. Байқауға ауданымыздың өнер мен өлең сүйген оқушылары қатысты. Жалпы, байқау 6 кезеңнен тұрды. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру болып табылады. Мектебіміздің намысын қорғауға Мұратбек Інжу,Нұрбол Ажар, Мұқиятқызы Аягөз және Нұрмұқаметқызы Айзада қатысты. Мектебімізде өнерлі, білімді, тәрбиелі шәкірттер көп болсын.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив