Мектеп әкімшілігі » Жетісу облысы Көксу ауданы Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы Білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-45-41
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-45-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2023

Мектеп әкімшілігі

 

Мектеп – алтын бесігім!

     Елдің болашағы барлық қоғамдық   қатынастарды   ізгілендірумен тығыз  байланысты. Ауылдағы ізгілікті  өзгерістерді жүзеге асыруда негізгі рольді ауыл мектебі атқарады.

     Ауылдың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияның талабына сай келетін  білімді, мәдениетті, жоғары интеллектуалдық мүмкіншілігі мол азамат  тәрбиелеп шығару – ауыл мектебінің алдында тұрған үлкен міндет. Сондықтан, қазіргі білім беру жүйесінде   ауыл мектебінің алатын орны, атқарар қызметі орасан зор. Еліміздің үкілеген үміті – қазір ауыл партасында отырғаны анық .

ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, ізгілік пен білімділік қасиеттерін қалыптастыруымыз қажет.

       Мектеп жұмысын  жандандырып, әр істі зор  жауапкершілікпен  жүзеге асыратын тұлға – директор десек, мектебіміздің директоры Нұрлыбеков Бағлан Түтінбайұлы – осы талап үрдісінен шыға білген басшы, ғылыми және практикалық білім мен ұстаздық тәжірибені бойына мол жинақтаған жан.

     Ұжымға сыйлы,  ұлағатты ұстаз қашан да тынымсыз еңбек ізденіс үстінде.  Мектеп жұмысын жаңаша ұйымдастыру және оны жүзеге асырудағы сан алуан жұмыстар білім беру деңгейінің биіктей түсуіне көп септігін тигізіп, оқу орнының жаңаша іс бастап жатқанын байқатты. Уақыт талабына сай қабілеті бар, дүниежүзілік білім кеңістігіне бойлай алатын дара тұлғаларды тәрбиелеп шығаруды өз алдына мақсат етіп қойған басшының келешектегі жоспарлары мол-ақ.

      «Директор – ұстаздың ұстазы» дегендей, Бағлан Түтінбайұлы осы атаққа сай деп ойлаймыз. Ұстаздық         еңбегіне – 13 жыл, оның ішінде мектеп директорының оқу тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары ретінде - 6 жылдан  астам уақыт өтіпті. Атқарған ерен еңбектері ескерусіз қалған жоқ.

  

Нұрлыбеков Бағлан Түтінбайұлы

Мектеп директоры

Нұрлыбеков Бағлан Түтінбайұлы 1978 жылы 25 қыркүйек айында туған. 1998-2002 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тарих пән мұғалімі мамандағы бойынша оқып бітірді. 2002-2006 жылдары Б.Құндақбаева атындағы орта мектебінде тарих және құқық пәні мұғалімі, 2008-2010 жылдары Көксу ауданы Балпық би кенті әкімшілігінің бас маманы, 2010-2012 жылы Көксу ауданының білім бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2017 жылы қыркүйек айынын бастап Жапсарбаев атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. 2023 жылдан бастап мектеп директоры болып тағайындалды.

Нұрлыбеков Бағлан Түтінбайұлы ұлағатты ұстаз, білікті басшы, ұжымда сыйлы  тұлға. «Қамқоршысы бар           ұжым  озбақ, жақсы дәстүрді жалғастырып созбақ» -  деген аталы сөз еріксіз ойға оралады. Ол өзінің білімді де, білікті, байсалды да байыпты, қарапайымдылығымен, еңбекшілдігімен мұғалімдер ұжымының құрметіне, шәкірттердің сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Мектептегі барлық білім жүйесінің өз мәнінде жүргізілуіне өте жоғары талап қойып отырады. 

                                          Мектеп директорының оқу ісі  жөніндегі орынбасары

                                                                      Коченова Шара Шаймуханбетова

      Коченова Шара Шаймуханбетовна 1967 жылы 14 наурызда  қазіргі Алматы облысы, Киров ауданы, Мұқыры ауылында   дүниеге келген.  1974 жылы «Мұқыры» атындағы орта мектептің табалдырығын аттады. 2005 жылы

      І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің   қазақ тілі мен әдебиет,  ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық еңбек жолын 2000 жылдан бастап   «Қазақстанның 10 жылдығы»   атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі , тәрбие ісінің завучы болып, 2002 жылдан 2018 жылға дейін  Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып еңбек етіп , 2019 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  болып тағайындалды. 

     Коченова Шара Шаймуханбетовна -1-ілгері деңгей сертификат иегері. Көшбасшы. Мектеп тренері. Зерттеуші. 

      Екі дүркін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Шара Шаймуханбетқызы бүгінде ізденуден талмай,бар білім-біліктілігін  жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуге арнап  еңбек етуде.  


Бейсенова Сәуле Серікқызы

                                  Мектеп директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары


       Бейсенова Сәуле Серікқызы 1965 жылы 9 қаңтарда Талдықорған облысы, Киров ауданы, «10 жылдық Қазақстан» ауылында дүниеге келген.1982 жылы Мұқыры ауылындағы Мұқыры орта мектебін бітірді. 1988 жылы Талдықорған қаласындағы Талдықорған  Педагогикалық институтының мектепке дейінгі бөлімін, 2003 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілі мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылдан бастап осы мектепте еңбек етеді. Аудандық, білім бөлімдерінің 

дипломдарымен марапатталған. 2004 жылдан бері Қ.Жапсарбаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Еңбек өтілімі 30 - жыл.

Педагог-ұйымдастырушы

Қилыбаев Қалияс Ештайұлы


        Қилыбаев Қалияс Ештайұлы 1963 жылы 22 қарашада  дүниеге келді.1985 жылы Талдықорған педагогикалық институтын   физика-математика факультетін бітірді. Сол жылы «10 жылдық Қазақстан» орта  мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1986 жылы Жапсарбаев атындағы орта мектепке ауысты. 1993 жылы аталған мектепте  директордың  тәрбие ісі   жөніндегі  орынбасары болып тағайындалды. 1995-1999 жылдары аудандық маслихат депутаты, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасының иегері. 2009-2017 жылдар аралығында Жапсарбаев атындағы орта мектептің  директоры болып тағайындалып, қызмет атқарды. Еңбек өтілімі -  31 жыл.




Бижан Еңлік Молдабергенқызы

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Бижан Еңлік Молдабергенқызы 1987  жылы 25 қараша айында туған. 2005-2009 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін информатика пән мұғалімі мамандағы бойынша оқып бітірді.  2009 жылы қыркүйек айынын бастап Жапсарбаев атындағы орта мектебінде информатика пән мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2023 - 2024 оқу жылының желтоқсан айынан бастап директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Педагогикалық еңбек өтілі 14 жыл. 

  Санаты педагог сарапшы.


Педагог – психолог

Атамбаева Алтынгуль Рысбекқызы

Алматы облысы, Киров ауданы,Мұқыры ауылы 1974жылы 9қарашада дүниеге келген.1981жылы Мұқыры орта мектебіне барып,1989жылы сегізінші сыныпты бітірді.1989жылы Панфилов қаласының педагогикалық училищесіне түсіп, 1993жылы бітірді. «Бастауыш сынып мұғалімі» дипломын алды. Алғашқы ұстаздық жолын 1993жылы Мұқыры ауылының Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.  2005жылы «Қазақстанның 10жылдығы атындағы» орта мектебіне «Педагог-психолог» болып   орналасты. 2004-2007жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін бітірп (сырттай) «Педагог-психолог» мамандығы болды.2008ж-2011жылға дейін №2Құрманов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болды .2011жылдан бастап Жапсарбаев атындағы орта мектебінің мектеп психологы болып жұмыс атқаруда. 2015ж. Алматы облысы Көксу ауданының әкімдігі -«Алғыс хат». 2016ж.Мұқыры ауылдық округі. -«Алғыс хат». 2018ж.Алматы қаласы республикалық ғылыми –әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы «Білім әлемі» -«Алғыс хат», грамота. Еңбек өтілі: 25 жыл




Похожие публикации:

18 апрель 2017 ҰБТ
03 март 2021 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив