15
февраль
2022
Жыр алыбы-Жамбыл
Ақпан айының 15-ші жұлдызында Қ.Жапсарбаев мектеп ордасының төрінде ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбыл бабамызға арналған,мектеп оқушылары арасында аудандық айтыс болып өтті. Жыр дүлділінің жолын жалғап,өздерінің суырып салма өнерлерін паш етуге аудан мектептері ішінен 13 мектеп қатысты. Екі-екіден 7 топқа бөлінген олар ғасыр жасаған тұлғаның өмір жолын дәріптеді. Осы сөз додасына әділ-қазылық еткен облыстық қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Идрисова Мира, Алматы облыстық Тілдерді оқу әдістемелік орталығы Көксу аудандық филиалының меңгерушісі Қойшыбеков Олжас,аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Әбділданов Қанат, Онбырбаева Диана және Каримбаева Гүлнар әр жұпқа тиісті әділ бағасын берді.
1 айналым кезінде жас ақындар жақсы өнер көрсетіп,тіпті тақырыптан тыс қазіргі заман мәселесін де тілге тиек етіп кетті. 2 айналымда әділқазы берген тақырып бойынша сөз өрбітіп,айтыстың көркін қыздыра түсті. Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Тоқтағұл айтысының жалғасындай болған сөз додасында қағытпа қалжың, астарлы әзіл айтылды. Ұтымды ұйқас пен салмақты ойлар да өрнектелді.
Айтыс соңында тиісті бағалар қойылып, жүлделі 3 орынды Мұқаншы, Б.Құндақбаева және Н. Алдабергенов атындағы орта мектеп айтыскерлері қанжығалады. Ал,2 орынға Жетіжал мен Ақын Қабан жырау атындағы орта мектептің оқушылары жайғасты. 1 орынды Қ. Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы алса да,бас жүлдені өзінің орағытқан тілімен,шешендігімен көзге түскен М. Құрманов мектебінің айтыскері иеленді.
Жыр сүйер қауымға рухани азық сыйлаған тағылымды шара келесі жылы да жалғасын табады деген сенімдеміз!