13
декабрь
2021
Тәуелсіздік-тұғырым!
Тәуелсіздік-тұғырым!
Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөздің кең байтақ қазақ жерінде айтылып келе жатқанына міне биыл 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде өз тарихында мың өліп мың тірілген қазақ елі сан түлеп, сан түрленді. Дамудың бірнеше сатысынан өтті. Өшкенін жағып, жоғалғанын тапты. Рухани тұрғыдан жаңғырып, өзінің мәдениетін өзгеге үлгі ете білді. Мол мұрасы мен тасқа қашалған бай тарихын басқаға таныта білді. Міне мұның барлығы қазақтың азаттық алып, тәуелсіз теңдікке, егемендік алып еркіндікке қол жеткізе білгенінің арқасы.
Осы тарихты өскелең ұрпақ жақсы біліп,жадында ұстаулары тиіс. 13 қаңтар күні мектеп кітапханасына сол кездің бар болмысын өз көзімен көріп,көкейіне түйген батыр ағамыз әрі ауылымыздың Құрметті азаматы Машанло Рүстем Ибрайымұлы келіп,оқушылармен әдемі сыр-сұхбат жүргізді. Өзін-өзі басқару және Жапсарбаев ұландары қатысып, сұрақтар қойып,қызықты әңгімелер баяндалды.Сол нәубет кездің боямасыз суреттері оқушылар санасына құнды ақпарат ретінде құйылды десек те болады.
Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – жаңа буынның бағыты болуы тиіс.