Жүлделі 3 орын
Жүлделі 3 орын
Мақал-мәтел – халық ауыз әдебиетінің қазыналы байлығы. Мақал-мәтелді біліп өскен, соның мәйегін жастайынан құлағына құйып өскен бала өсе келе алды-артын ойлауға машықтанып, дұрыс шешім қабылдауға, қиындықты еңсеруге дағдыланады.
Өткен аптада С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебеп кітапханасында "Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау" жылына орай, "Мақал-сөздің мәйегі"атты мақал-мәтел сайысы өтті. Атаулы байқауға 10 ауданның мен мен деген шешен жастары қатысты. Түрлі кенендердің Отаны атанған,Көксу ауданының атынан Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектептің оқушысы Нұраділдә Айзат қатысып, жүлделі 3 орынды қанжығалады.
Қашанда түрлі байқауларға қатысып, мектеп атын жаңғыртып жүрген оқушыларымыз бүгінде өздерінің мықты екендерін дәлелдеді. Осындай алғыр оқушыларымыз шың басын шықса,ұстаз бен мектеп үшін одан асқан абырой болмас....