«Үлгілі отбасы — тәуелсіз елдің тірегі!»
«Үлгілі отбасы — тәуелсіз елдің тірегі!»
Қ. Жапсарбаев атындығы орта мектебінде 8 қыркүйек күні «Отбасы күніне» орай«Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» жоба аясында«Үлгілі отбасы — тәуелсіз елдің тірегі!»атты іс –шара өткізілді. Отбасылық құндылықтарды насихаттау,озық отбасылық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл шараға ауылдық әкімшіліктің бас маманы Е.Ж.Төлепбергенов , ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Ж.Жолдыбаев ,ата-аналар комитеті және ұстаздар қатысты . Іс-шараға қатысушылар тіркелді. Биология пәнінің мұғалімі Ш.А.Алтаева «Үлгілі отбасы — тәуелсіз елдің тірегі!» атты тақырыпта баяндама оқыды . Отбасы мүшелерін құрметтеу, туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімін қалыптастыру мақсатында бейне фильм көрсетілді. Ата-аналар өз ойларын айтып , бала тәрбиесі туралы пікірлерімен бөлісті . Музыка пәнінің мұғалімі Мұздыбаева Салтанат Райсқызының ұйымдастыруымен 8 «ә» сынып оқушысы Қамеш Марат, 8 «а» сынып оқушысы Мұратбек Інжу, 5 «а» сынып оқушысы Бірлік Әлішер келген қонақтарға ән шырқады.