23
февраль
2024
“Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығыны” “Бұрымды ару” атты байқауы
Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінде 19-23 ақпан аралығында өткен “Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығыны” өз мәресіне жетті. Апталықтың жабылуына орай “Бұрымды ару” атты байқау ұйымдастырылды. Байқау “Таныстыру” , “Өз өнері” , “Сұрақ-жауап, “Үй тапсырмасы” атты 4 кезеңнен тұрды. Әділ қазы алқасының мүшелері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Коченова Ш.Ш , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсенова С.С , орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова С қатысушы арулардың дайындығы жоғары деңгеңде деп бағалады. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші Бас жүлдені 5 “а” сынып оқушысы Нұрбол Ажар жеңіп алды. 1-орынды 5”ә” сынып оқушысы Рахимбек Айару, 2-орынды 7 “а” сынып оқушысы Рахимбек Дильнара, 2-орынды 7 “ ә” сынып оқушысы Асланқызы Диляра, 3-орынды 6”а” сынып оқушысы Ыдрысова Амина мен 6”ә” сынып оқушысы Зиябекқызы Тұмар иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!






