20
март
2025
“Жас мамандар” апталығы
Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінде 11-14 наурыз аралығында өткен “Жас мамандар” апталығының аяғында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өмірғали Айғаным Қанатқызы 5 “ә” сынып оқушыларымен “Бауыр” әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында заманауи платформалар мен көрнекіліктер қолданды. Шетелдік төлқұжаттар арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөлді. “ Wordwall” платформасымен үй тапсырмасын пысықтады.”Тақиялы тапсырма”, “Тұжырымдамалық карта”, “Модельдеу диктанты”, “Талқылау стратегиясы” атты тапсырмаларды тиімді қолдана білді. Жас маманның сабағына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Коченова Шара Шаймұханбетқызы мен мектеп мұғалімдері жақсы деген баға берді.
