Ассамблеяға 25
Жапсарбаев атындағы орта мектебінің «Рухани жаңғыру » бағдарламасын іске асыру мақсатында тәрбие және білім, саналы азамат, ұлы дала жастары бағытында өткізілген "Бір шаңырақ астында"атты мектепішілік байкау
Жапсарбаев атындағы орта мектебінде ақпанның 20 күні 2020 жылдың 24 наурызында Ассамблеяға 25 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру » бағдарламасын іске асыра отырып жас ұрпаққа ынтымақ , достық, бірлік, татулық жайлы түсінік беру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында "Бір шаңырақ астында"атты мектепішілік байкау өткізілді.
Ассамблея бұл -Қазақ халқының тарихи шешімі .Бейбіт елде ғана береке болады деп, бүгінгі достығымыздың нышаны ретінде ұйымдастырған бұл шараға мектеп оқушылары , ата-аналар мен ұстаздар қатысты .
Ұлттық киімдерін киген қазақ, өзбек, корей, грузин,татар менен орыс халқының өкілдері ортаға шақырылып таныстырылды.
10 сынып оқушысы Назарбек Жансая « Ассамблеяға-25 жыл » атты баяндама оқыды .
«Ұлттар достығы » туралы слайд көрсетілді . Әр сынып өздеріне берілген ұлтты слайд слайд арқылы таныстырып өтті. Келесі кезекте әр ұлт өкілдерінің салт - дәстүрлеріне кезек беріліп ,салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті.
1. Қазақ халқының салт – дәстүрі “Тұсау кесу ”
2.Грузин халқының салт-дәстүрі - “ Черчеме ”
3.Татар - халқының салт-дәстүрі - “ Су перісі ”
4.Өзбек халқының салт-дәстүрі - “Қонақжайлық” 5.Корей халқының салт-дәстүрі - “ Дастархан этикеті ”
6.Орыс халқының салт-дәстүрі - “Крешение ” Мектебіміздің биші қыздары «Пай-пай »атты би биледі. Келесі кезеңде әр ұлт өкілдері. өздерінің өнерлерін көрсетті. 5 сынып оқушысы Нұрболат Ақжайық «Бірлігіміз жарасқан » атты әнді орындады. Байқау соңында оқушылар марапатталып алғыс хаттары берілді.
Өткізілген шараның мақсаты Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін оқушыларға ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту болып табылады.


