22
февраль
2024
“Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығы”
Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінде ұйымдастырылып жатқан “Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығы” аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өмірғали Айғаным Қанатқызы 6 “а” сыныбымен “Қонақжайлылық-ата дәстүр” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар орын алды. Түрлі-түсті асықтар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлді. Көрнекіліктерді сабақ тақырыбына сай қолдана білді. Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығы бірден байқалады. Сабаққа қатысқан мұғалімдер жас маманға жақсы деген баға берді.