Жас мамандар апталығы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы Білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-45-41
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-45-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2023

Жас мамандар апталығы

Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінде жыл басынан бекітілген 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 7 жас маман қызмет етеді. Олар ұстаздық шеберлігін шыңдап, қазіргі заман талаптарына сай жаңа бағдарламалар мен сабақтарға қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында өз жұмыстарын жетілдіріп келеді.    Ақпан айының 13-17 аралығында жас мамандар апталығы өтті. Мақсаты  – жас  мұғалімдердің теориялық білім деңгейін практикада қолдану аясын саралау және ерекшеліктеріне назар аудару арқылы мұғалім беделінің жоғарылауына жол ашу. Апталықтың алғашқы күні «Жас маманнан бас маманға...» тақырыбында ашылу салтанаты жасалды. Мектеп фойесіне қойылған жастар өмірінен көрініс беретін фотозона ерекше талғаммен безендіріліп, жақсы ахуал туғызды.Келесі күні ағылшын пәнінің мұғалімі Әкежанова Еркежан 7 «б» сыныбымен «Structure and criteria for a good film review» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақ барысы заманауи форматта құрылды. Үй тапсырмасын «Wordwoll» платформасы арқылы сұрап, жаңа сабақты интербелсенді тақтада түсіндірді. Қазіргі трендтегі киноларды оқушыларға смайлик арқылы көрсетіп, киноларға мазмұндама жасатты. Сабақ барысында жұптық, топтық жұмыстар орындалды. Бір сөзбен айтқанда, сабақ жақсы деңгейде ұйымдастырылды.Бейсенбі күні орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бахтиярова Гүлзада 4 «ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы «Земля –наш общий дом». Жас маман ұстаз ретінде алғашқы жыл ғана істесе де, өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Оқушыларға психологиялық ахуалды кішігірім сыйлық ретінде ұйымдастырды. Сабақ барысында топқа бөліп, оларға бағалау парақтарын таратты. Жаңа тақырыпты видеоматериал түрінде көретіп, жағымды әсер қалдырды. Құрылған әр әдіс-тәсіл заманға сай, жаңа форматта жасалған. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы, ұстазға деген құрметін көрсетті.Апталықтың соңғы күні тарих пәнінің мұғалімі Асқар Сажида 7 «а» сыныбында «Жүзден жүйрік» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты:
*Тарихтан білімдерін толықтыру, тарих  пәніне деген қызығушылықтарын ояту
*Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.*Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.*Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу болып табылады. Оқушыларды хандық атауларына байланысты топқа бөліп, 3 кезең бойынша сынады. Оқушылар  ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинап, барлығы бірдей атсалысты. Сайыс соңында ұпай сандарына орай жүлделі орындар беріліп, ұстаз тарапынан Мадақтама грамоталары берілді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив